БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірісі 2016 жылы 531 млрд. теңгені құрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтеріндегі инвестициялық кіріс 531 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматовтың сөзіне сілтеме жасай отырып.

«Осылайша, өткен жыл бойы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша орташа алынған ай сайынғы кіріс 44,3 млрд. теңге деңгейінде болды», деді ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша,2016 жылғы 12 айда зейнетақы активтерінің 848,7 млрд. теңгеге 6,7 трлн. теңгеге дейін ұлғайған. Бұл ретте бұл өсімнің 62,6%-ын алынған инвестициялық кіріс құраған.

 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 6 685,3 млрд. теңге болған. Оның ішінде 5 334,9 млрд. теңге (80%) мөлшеріндегі зейнетақы жарналары, 1 350,4 млрд. теңге (20%) мөлшеріндегі соманы инвестициялық кіріс құрады.

«БЖЗҚ» АҚ құрылған сәттен бастап, сақтандыру ұйымдарына аударымдарды қоса алғанда, салымшыларға төленген зейнетақы төлемдерінің көлемі 410,6 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ Ғ. Пірматов инвестициялық кірісті есептеу күн сайын жүзеге асырылатынын айтты. 

Соңғы жаңалықтар