БЖЗҚ-ның экс-басшысы Руслан Ерденаевқа кесілген үкім өзгеріссіз қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы соты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының экс-басшысы Руслан Ерденаевтың апелляциялық шағымын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерденаевтен басқа Медетбеков, Бахтов, Кенжебаев, Найзағарин және Тұртаевтардың апелляциялық шағымы өзгеріссіз қалды.

Еске салсақ, Ерденаев қалалық сот үкімімен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп, пара алғаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Сот оны 12 жылға бас бостандығынан айырып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеуге үкім шығарған.

Сондай-ақ айыпталушының алған 400 мың АҚШ доллары (132 млн тенге) көлеміндегі парасын тәркілеуге шешім шығарылған. Қалған кінәлілер қылмыстық іс бойынша 7-ден 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды және тағы бір сотталушы рақымшылыққа ілінініп, бостандыққа шыққан еді.

Соңғы жаңалықтар