БЖЗҚ кеңсе жалдауға жарты миллиардтан астам теңге жұмсаған

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева Қордың өңірлердегі кеңселерін жалға алу құны жарты жылда 588 млн теңгені құрағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, бүгін Парламент Сенатында болған кездесуде депутаттар БЖЗҚ өңірлерде кеңсе ғимараттарын жалдауға қомақты қаржы жұмсап жатқанын айтты.

«Барлық облыс және аудан орталықтарында біздің кеңселер бар. Қазіргі кезде Қорда 1 987 адам жұмыс істейді. Оның 417-сі орталық кеңседе, ал қалған 1,5 мыңнан астамы өңірлерді қызмет етуде», - деп тоқталды Наурызбаева.

Оның сөзіне қарағанда, Қордың бас кеңсесі де жалға алынып отыр. Қазіргі кезде БЖЗҚ-ның 200- ден астам бөлімшесі бар. Оның көбісі аудан орталықтарында, елді мекендерде орналасқан.

«Менің ойымша, бұл жерлерде бізге кеңсе сатып алу экономикалық тұрғыда тиімді емес. Өйткені аталған орталықтарда (аудандар мен елді мекендерде) кеңсе жабылса, оны сату мәселесі кейбір қиындықтарды тудырады. Сонымен қатар, былтыр облыс орталықтарында бірнеше ғимараттарды сатып алу бойынша тиісті жұмыстарды пысықтадық. Алайда сатылымға шығарылған ғимараттардың бағасы жоғарылау болды. Дегенмен де осы бағытта тиісті шараларды атқарып жатырмыз. Қазіргі уақытта Қордың орталық кеңсесіне  ғимаратты Алматыдан сатып аламыз деген жоспарымыз бар. Мұнымен қоса, бірнеше үлкен облыс орталықтарында өзіміздің филиалдарымызға кеңсе алмақпыз», - деді ол. null

Н. Наурызбаева кеңселерді жалға алуға қанша қаржы жұмсалатынын жария етті.

«Шынымен де, жалға алуға біраз қаржы жұмсаймыз. Мысалы, жартыжылдықта 588 млн теңге төледік. Атап айтқанда, қазіргі кезде 218 бөлімшеге кеңсе сатып алу қаржылық тұрғыдан тиімді болмай тұр», - деп түйді БЖЗҚ басшысы.

Соңғы жаңалықтар