БЖЗҚ «Қазақстан қағазы» компаниясындағы борышын қайтарып алмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов баспасөз мәслихаты барысында борышкер эмитенттердің бірі «Қазақстан қағазы» компаниясынан ақшаны қалай қайтарылатыны жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәулен Өтеғұловтың айтуынша, «Қазақстан Қағазы» АҚ бұрынғы акционерлеріне қатысты Лондон сотына берген арызы қанағаттандырылса, қарыз тез арада қайтарылмақ.

Компания бұрынғы акционерлерінен 260 млн АҚШ долларына талап етіп отыр.

Сот Мақсат Әріптің 95 млн доллар тұратын халықаралық активтеріне, оның ішінде 17 млн долларлық зәулім үйіне тыйым салды. Екінші акционер Бағлан Жүніспен 3 млн долларды қайтару жөнінде бейбіт келісімге қол қойылды.

«4 жылға созылған сот процесінің нәтижесінде «Қазақстан Қағазы» АҚ пен кредиторлар тобы Лондондағы Жоғарғы сотта оң шешімге қол жеткізді. Сот үкімінің арқасында компания БЖЗҚ алдындағы 12,5 млрд теңге көлеміндегі қарызды қайтарып алу мүмкіндігі туып отыр», - деді Мәулен Өтеғұлов.

Айта кету керек, «Қазақстан Қағазы» АҚ 2001 жылы құрылған. 2009 жылы эмитент дефолтқа ұшырады. Сол жылы акцинерлер құрамы өзгерді.

2015 жылдың 2 қазанында «Қазақстан Қағазы» АҚ тағы дадефолтқа ұшырады. 2016 жылдың 8 маусымында акционерлік қоғам сот арқылы оңалту шараларынан өтті. 

2016 жылдың маусымы мен тамызы аралығында кредиторлар мен қор өкілдері  Эмитенттің оңалту жоспарын құрды.

Нәтижесінде «Қазақстан Қағазы» АҚ бұрынғы акционерлерінен 15 млрд теңге өндіру туралы іс сотқа берілді.

2016 жылдың қыркүйегінен 2017 қарашасына дейін эмитент БЖЗҚ алдындағы 358 млн теңге көлеміндегі қарызын өтеді.

2013 жылдың тамызында «Қазақстан Қағазы» АҚ қазіргі басшылығы бұрынғы акционерлер Мақсат Әріп, Бағлан Жүніс, Шынар Диханбаеваны ақша жымқырды деген айыппен сотқа берді.

Соңғы жаңалықтар