БЖЗҚ қаржысы сенімді құралдарға инвестицияланады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - БЖЗҚ басқарма төрайымы Сәуле Егеубаева баспасөз мәслихаты барысында қор қаржысы қайда инвестицияланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамыр айының басында Ұлттық банк төрағасы БЖЗҚ активтері банктердің қаржылық құралдарына және қазақстандық корпоративтік эмитенттерге салынатын болды.

«БЖЗҚ активтері тек сенімділік критерийлерінен шыға алған банктердің құралдарына салынады. Жалпы алғанда 200 млрд теңге орналастырылады. Ұлттық банк сатылымның жартысында БЗЖҚ қаржысы, жартысында басқа кредиторлардың қаржысы болуы керектігін талап етіп отыр. Алайда бұл бір реттік эмиссиялық шығарылым болмайды. Эмиссия кезең-кезеңімен шығады. Бұл бағдарламалармен жұмыс жасайтын банктерге қатаң талап қойылды»,- деді Сәуле Егеубаева.

Әзірге қай банктерге қаржы салынатыны белгісіз. Алайда, қор басшысы ақшаның сенімді көздерге салынатынына сенімділік білдіріп отыр.

«ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңының 35 бабына сәйкес зейнетақы активтерін сенімді басқару құқығы Ұлттық банкке берілген. 2016 жылдан бастап инвестициялау саясаты көптеген өзгерістерді басынан кешірді. Эмитенттердің рейтингісіне қатысты да талап күшейтілді», - деді Сәуле Егеубаева.

Соңғы деректер бойынша зейнетақы активтерінің 0,5 пайызы, яғни 41 млрд теңге қайтарылмай тұр.

Сонымен қатар, БЖЗҚ потфелінде облигациясы бар «ЦАТЭК» АҚ акционерлерінің бірі 2 айға қамалды.

«Активке қатысты күдік туындаса, Ұлттық банкі дефолт жағдайының алдын алу үшін арнайы талдау жұмыстарын жүргізеді. Содан соң БЖЗҚ проблемалық эмитентпен сотқа дейінгі талап ету жұмыстарын бастайды. Дефолт ықтималдығы жағдайда қаржылық құрал жан-жақты тексеріліп, сатылады. Зейнетақы активтерінің 1 теңгесі де құрып кетпеуі үшін барымызды саламыз»,- деді төрайым.

 

Соңғы жаңалықтар