БЖЗҚ ісіне қатысты сот процесі: Тараптардың жарыссөзі басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Мәртпек Кәкімжановтың қарауындағы БЖЗҚ ісіне қатысты сот процесінің жарыссөздер кезеңі басталды, деп хабарлайдыҚазақпарат тілшісі.

Осыған дейін адвокаттар сотқа аудиторлар мен «БузгулАурум» ЖШС клиенті болған листинг және инвестициялық компания жетекшілерін кәуегер ретінде шақырту туралы өтінімхат берген болатын. Соның негізінде бүгінгі жарыссөзде куәгерлерге сұрақтар қойылды. Қорғаушы тарап сот-экономикалық сарапатама қорытындысы бойынша бірқатар сауал қойды.

Сот отырысында куәгерлер адвокаттар, мемлекеттік айыптаушы мен сотталушылардың сұрақтарына жауап беріп, «Бузгул Аурум» ЖШС-нің құнды қағаздарды шығару, оларды биржаға орналастырып, БЖЗҚ-ға сату мәселесіне қатысты өздеріне белгілі операциялар туралы баяндап берді.

Сонымен қатар, сотталушылардың қорғаушылары «БузгулАурум» құнды қағаздарының бағасына және кен өндірушінің қордағы жарғылық капиталды арттыруына қатысты «Scot Holland» бағалаушыларының екі есебін сотқа ұсынды.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 9 қаңтарында БЖЗҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Рулсан Ерденаев, БЖЗҚ-ның Тәуекелдерді басқару департаменті қаржылық тәуекелдер басқармасының бұрынғы басшысы Мұса Бахтов, «Алатау Мұнай Алтын» компаниясының басшысы Б.Кенжебаев, «Бузгул Аурум» ЖШС басшысы А.Найзағарин құны 5 млрд теңге болатын күдікті келісімшарт бойынша ұсталған болатын.

Аталған адамдар ҚРҚК 189-бабының 4-бөлімі бойынша айыпталып отыр.

Соңғы жаңалықтар