БЖЗҚ ісіне қатысты күдіктілерді қамау мерзімі 7 айға дейін ұзартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - БЖЗҚ ісіне қатысты күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 7 айға дейін ұзартылды.   Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов хабарлады.

Алмалы аудандық соты «БЖЗҚ» АҚ экс-төрағасы Руслан Ерденаевқа, Тәуекелдерді басқару департаменті қаржылық тәуекелдер басқармасының бұрынғы басшысы Мұса Бахтовқа, «Алатау Мұнай Алтын» компаниясының басшысы Б.Кенжебаевқа, «Бузгул Аурум» ЖШС басшысы А.Найзағаринге қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, қамау мерзімін 7 айға ұзарту туралы шешім шығарды. Күдіктілер сот басталғанша қамауда 28 шілдеге дейін отыратын болды.

Сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ төрағасының экс-орынбасары Дабыр Медетбековке қатысты бұлтартпау шарасы 5 айға созылды. Ол қамауда 8 шілдеге дейін отырмақ.

Іске қатысы бар деп танылған «МегатрансАзия» ЖШС-ның басшысы Талғат Тұртаев сотқа дейін тағы 1 ай, яғни 23-шілдеге дейін  қамауда болмақ.

Аталған тұлғалардың барлығы ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімі бойынша айыпталып отыр.

Соңғы жаңалықтар