+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

БЖЗҚ: Ерікті зейнетақы салымшылары үшін тиімділіктер қарастырылған

2018 жылғы 18 маусым 15:51
Бөлісіңіз:
БЖЗҚ: Ерікті зейнетақы салымшылары үшін тиімділіктер қарастырылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - БЖЗҚ ерікті зейнетақы салымшыларына тиімділіктер қарастырған. Бұл туралы ұйымның Алматыдағы филиалының көшпелі қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айгүл Бимурзаева ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

БЖЗҚ қорының өкілдерінің айтуынша, зейнетақы қорына ерікті жарна құюшылар ақшасын зейнетақы жасына жетпей ала алады.

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңының 33-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар елу жасқа толған; мүгедек болып табылатын; Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

«Өзінің жақын туысының немесе баласының материалдық жағдайын жасап қойғысы келетін азаматтарға бұл өнімнің тиімділігі зор. Бұл 3-ші тұлғаның есебіне ерікті түрде зейнетақы жарнасын құю деген сөз. Көбіне бұл жүйені әйелдері үй шаруасында отыратын азаматтар қолданады. Сондай-ақ, ресми орындарда жұмыс істемейтіндіктен зейнетақы аударымдары жүрмейтін азаматтар отбасы мен балаларының қамы үшін ерікті жарна төлейді. Бұл арқылы жақын адамыңыздың келешек материалдық базасын дайындай аласыз», - деді Айгүл Бимурзаева.

Зейнетақы жарнасын шешіп аламын деушілер БЖЗҚ-ға кез келген уақытта өтініш түсіре алады. Мәселен, сіз зейнетақы жасына дейін ресми орындарда жұмыс істеуді тоқтатуды шешсеңіз, қосымша ерікті зейнетақы шотыңызда бірталай ақша жиналған болса, құрметті демалысқа шығар жасыңызға дейін бұл ақша сізді сақтандыра алады.

БЖЗҚ азаматтарды жеке мазалаған сұрақтары бойынша қабылдап, жауап беруге әзір.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арайлым Жолдасбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT