+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1 млн теңгеден асты

2020 жылғы 10 наурыз 15:46
Бөлісіңіз:
БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1 млн теңгеден асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зейнетақы жинағының көлемі жүйеге қатысу өтілі мен жарналарды тұрақты аударуға тікелей байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың 1 ақпанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарнасы бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтың орташа сомасы 1,09 миллион теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 11 пайыз. Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинағының орташа сомасы – 1,2 млн теңге (2019 жылмен салыстырғанда өсім – 10 пайыз), ал әйелдерде – 949 мың теңге (өсім – 12 пайыз).

«Салымшылардың міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен ашылған шоттардағы жинақтың орташа сомасы – 509 мың теңге (өсім – 17 пайыз), ерікті зейнетақы жарнасы бойынша – 48,5 мың теңге.

Айта кетелік, бұл барлық салымшылардың – еңбек жолын жаңадан бастап, зейнетақы жарнасын қорға енді аудара бастаған және жарнаны жиырма жылдан астам уақыттан бері аударып келе жатқандардың шотынан алынған сандар», делінген хабарламада.

Биыл жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 22 жыл толды. Бірақ қазірдің өзінде аралық қорытынды жасауға болады. 1998 жылдан 2020 жылдың басына дейін зейнетақы жарналарын тұрақты аударып келген салымшылардың зейнетақы жинағының орташа сомасы 5,3 млн теңге болды.

Айта кетерлігі, зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарнасын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасын, ерікті зейнетақы жарнасын тартуды, зейнетақы төлемін, зейнетақы жинағы мен төлемін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ enpf.kz сайтында).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Зейнетақы жүйесі,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT