БЖЗҚ басшысы 2 айға қамауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  БЖЗҚ басшысы Руслан Ерденаев 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Алмалы аудандық соты «БЖЗҚ» АҚ төрағасы Руслан Ерденаевқа, «БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару департаментінің басшысы Мұса Бахытовқа, «Алатау Мұнай Алтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаевқа, «Бузгул Аргум» ЖШС директоры А.Найзағаринге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындады.

Сотқа дейінгі тергеу орындары Р.Ерденаев пен өзге де тұлғаларға меншікке қатысты ҚР ҚК 189 бабының 4 тармағы бойынша ауыр қылмыс жасады деп айып тағып отыр.

Аудандық сот күдіктілерді 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Айта кету керек, күдіктілердің қорғаушысы қалалық сотқа  арыз түсірді. Апелляциялық қарау бүгін түскі 15-00-де қаралады.

Еске салсақ,  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаменті БЖЗҚ-ның құны 5 млрд теңге болатын келісім-шартын тексеріп жатыр. 21 желтоқсаннан бастап Ұлттық банктің қатысуымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның әрекеті тексерілуде. Тексеру БЖЗҚ акционерлерінің өз активтерін инвестициялауға қатысты болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар