+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

БЖЗҚ Әзербайжандық банкке салынған зейнетақы қорындағы қаражат туралы айтты

2019 жылғы 13 қазан 19:16
Бөлісіңіз:
БЖЗҚ Әзербайжандық банкке салынған зейнетақы қорындағы қаражат туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БЖЗҚ басқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов Әзербайжан банкіне инвестицияланған қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаражат туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 10,4 трлн теңгеге жетті БЖЗҚ «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының арқасында 21 млрд теңге табыс тапты

Мәулен Өтеғұлов өзінің facebook парақшасында салымшылардың көбі әзербайжандық банкке салынған қаражат қайтпай қалады деп ойлағаны туралы жазды.

БЖЗҚ басқарушы директоры бұл әңгіменің шындыққа жанаспайтынын айтады.

«2014 жылдың қазан айында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің есебінен Халықаралық Әзербайжан банкінің (ХӘБ) құны 250 млн долларлық құнды қағаздары сатылып алынды. 2017 жылдың 11 мамырында ХӘБ-тің Нью-Йорктегі сотқа банкроттықты жариялайтыны анықталды. Кейін ХӘБ-тің қайта құрылымдалғаны хабарланды», - деп жазады Мәулен Өтеғұлов.

Оның сөзіне сенсек, қайта құрылымдалғаннан кейін ХӘБ облигациялары Әзербайжан Үкіметінің дербес тәуелсіз облигацияларына айырбасталған. Бұл дегеніңіз Халықаралық Әзербайжанн банкінің БЖЗҚ алдындағы міндеттемелерін Әзербайжан Республикасының Үкіметі өзіне алып отыр дегенді білдіреді.

«2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында жайлы нарықтық конъюнктураны есепке ала отырып, Әзербайжан Үкіметінің қалған бүкіл облигациялары нарықтық шарттар бойынша сатылған. ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2014 жылы ХӘБ облигацияларын сатып алғаннан бастап Әзербайжан Үкіметінің облигацияларына ауыстырылғанға дейін алынған барлық сыйақыларды есепке ала отырып, табыстың нақты ішкі ставкасы 4 пайызды (валютада) құраған. Бұл ставка шамамен қазақстандық банктерге қарағанда доллардық депозит бойынша табыстан 4 есе жоғары сома», - дейді ол.

Мәулен Өтеғұловтың айтуынша, әзербайжандық банкпен болған оқиға қазақстандық салымшылар үшін жайлы аяқталған.

Облигациялардың сатылғаны туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның мына сілтемесінен көре аласыз. Оны көру үшін сілтемедегі осы жылдың ақпан-сәуір айларындағы шолуын ашып, №7 кестесін тауып алу керек.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 71,3 млрд теңге инвестиция салған Әзербайжанның халықаралық банкі банкротқа ұшырау туралы сотқа өтініш берген еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT