Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 4 °С
USD 327.42 EUR 383.51
RUB 5.29 CNY 51.26
Жаңалықтар

БЖЗҚ активтері қайда инвестицияланып жатыр

2018 жылғы 15 ақпан 17:37 1078
Бөлісіңіз:
БЖЗҚ активтері қайда инвестицияланып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның зейнетақы активтері портфелінің құны 2018 жылдың 1 қаңтарында 7811,89 миллиард теңгені құрап отыр. Сома бір айдың ішінде 37,7 миллиард теңгеге артқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығына (ҚҚҚ) сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БЖЗҚ салымшылары жинақтарын «7-20-25» бағдарламасына пайдалана ала ма

Аталып отырғандай, зейнетақы активтері жинағы 2017 жылы 1306,48 миллиард теңгеге немесе 20,2 пайызға көбейген. Сонымен бірге, мемлекеттік құнды қағаздардың (МҚҚ) үлесі зейнетақы портфелінде 46,1 пайыздан 44,5-ке төмендеген.

 «Нақтырақ айтқанда, ҚР Ұлттық банкінің ноталарына салынған инвестиция 98,97 миллиард теңгеге (-16,7%) азайған. ҚР-ның банк секторына жалпы зейнетақы жинағының 1659,7 миллиард теңгесі: 328 миллиард теңгесі салым ретінде, 1235,9 миллиарды облигация және 95,9 миллиарды үлестік құралдар ретінде инвестицияланған», - делінген мәтінде.

Қаңтар айында екінші деңгейдегі активтердің сомасы 10,9 миллиард теңгеге, яғни 0,7 пайызға артқан.

Шетел мемлекеттерінің МҚҚ-сына инвестициялық портфельдің 12,6 пайызы, ал ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына 9,3 пайызы тиесілі. Сонымен бірге, шет мемлекеттердің МҚҚ-сы 36,1 миллиардтан 984,9 миллиард теңгеге дейін өссе де, оның құрылымы айтарлықтай өзгерістерді басынан кешірген.

Осы жылдың қаңтар айында қордың инвестициялық түсімі 13,2 миллиард теңгені құраған. Өткен жылдың қаңтар айында инвестициялық түсім 13,9 миллиард теңгеге тең болып, жылдың соңына қарай 597,3 миллиард теңгеге дейін артқан болатын. Қаңтар айында комиссиялық қордың сыйақысы 3,4 миллиард теңгеге тең болып, «таза» инвестициялық кірісті 9,8 миллиард теңгеге жеткізген.

БЖЗҚ мәліметіне сәйкес, 2017 жылы салымшылардың есебіне бөлінген зейнетақы активтерінің түсімділігі 7,92 пайызды, ал инфляция деңгейінде 7,1 пайызды құраған.   

2018 жылдың қаңтар айында шоттардың саны 15,41 мыңға азайып, 10 103,8 мың шотқа тең болған. Сонымен қатар, жинағы бар шоттар одан да көп - 32,6 мыңнан 9866,2 мыңға дейін азайған. Жалпы, Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинағы өткен айда 26,28 миллиард теңгеге өсіп, 7807,02 миллиард теңгені құраған.

«Жинағы бар шоттардың азаюуы төлемдердің өсімін туындатты. Осылайша, қаңтар айында сомалық төлемдер 48,95 миллиард теңгеге жеткен. Ал өткен жылы орташа төлемдердің мөлшері ай сайын 17,59 миллиард теңге деңгейінде болған еді. Алайда мұндай динамика өткен жылдың басында да байқалғанын атап өтуіміз керек. Ол кезде қаңтар айында төлемдердің мөлшері 43,14 миллиард теңге болатын», - деп хабарлайды ҚҚҚ.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат