БЖЗҚ активтері 0,3 трлн теңгеге кеміді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 0,3 трлн теңгеге кеміді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері халықтың қаражатты мерзімінен бұрын алуына байланысты жыл басынан бастап 0,3 трлн теңгеге немесе 12,6 трлн теңгеге дейін 2,3 пайызға төмендеді. Биылғы жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 488,5 млрд теңге болды», - деді ол.

Ұлттық банк төрағасы осы жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша инфляция 2,7 пайыз болған кезде 3,8 пайыз мөлшеріндегі кірістілік қамтамасыз етілгендігін атап өтті.

«Нақты кірістілік инвестициялық қызмет, сондай-ақ зейнетақы активтерін нарықтық және бағамдық қайта бағалау нәтижесінде қамтамасыз етілді», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар