«БЖК-2020» аясында бөлінетін шағын несие 16 миллион теңгеге дейін ұлғаяды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы-2020» аясында бөлінетін шағын несиелер көлемі 16 миллион теңгеге ұлғайтылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бюджетін талқылау барысында ведомство вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік органдарда «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары бойынша шағын несие жүйесі талқылануда. Президент оны жеңілдетуді тапсырған. Сондықтан қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары бойынша бөлінетін шағын несиелердің шекті деңгейін 16 миллион теңгеге дейін ұлғайту жоспарда бар», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, басында шекті деңгей 3 миллион теңгеге дейін деп белгіленген. Кейін ол өзгеріп, қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында ауыл шаруашылық қожалықтарын кооперацияға бірігуін қамтамасыз ету мақсатында бұл сома 6 миллионға жеткізілген. Шағын несиені алушылар ұсақ кооперацияларға бірігіп, шаруаны ірілендіру мақсатында 6 миллион теңгеге дейін ала алады.

Б.Нұрымбетовтің ақпараты бойынша, 2011 жылдан бері 70 миллиард 857 миллион теңге шағын несие берілген.

Соңғы жаңалықтар