12:42, 01 Шілде 2020 | GMT +6
Бюрабекова коронавирус туралы мәліметтердің неге бір-біріне сәйкеспейтінін түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус бойынша мәліметтердің ала-құла таралу себебі түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Иә, мұндай жағдайлар кездеседі. Себебі аймақтық деңгейдегі комиссиялардың өлім-жітімге қатысты мәліметтері біздің өлім-жітім жайлы жариялаған ақпаратымыздан кейін келіп жатады. Мұндай комиссия хаттаманы жеткізгеннен кейін ғана біз өлім жағдайы тіркелгені жайлы ақпарат таратамыз. Аймақтағы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінен сәл жаңарақ болуы мүмкін», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында
Айта кетсек, бұған дейін өткен тәулікте 550 адам коронавирус індетінен емделіп шыққаны хабарланған болатын.
Елдегі КВИ статистикасы бойынша кейінгі мәліметтермен мына сілтемеден танысуға болады.