Бюджеттің игерілуі: Қорғаныс министрлігі көш соңында келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігі республикалық бюджетті игеру тұрғысынан барлық министрліктердің соңында қалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық бюджет шығыстары 3 684,5 млрд теңгеге игерілді. Игерілмеу сомасы 58,4 млрд теңгені құрады», - дейді Бақыт Сұлтанов.

Қаржы министрінің баяндамасына құлақ ассақ, игерілмеген ең үлкен қаражат келесі ведомстволарда қалыптасқан: қаңтар-мамыр аралығында Қорғаныс министрлігі - 17,2 млрд теңгені, Ауыл шаруашылығы министрлiгi - 8,5 млрд теңгені, ал Iшкi iстер министрлiгi 5,4 млрд теңгені игере алмаған. Бұл ретте Мәдениет және спорт министрлігінің үлесі 7,8 млрд теңгені, Қаржы министрлiгiнің үлесі 3,3 млрд теңге, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің игерілмеген сомасы 3,4 млрд теңгені, Жоғарғы соттың үлесі 1,8 млрд теңгені құраған.

Министрдің айтуынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша 178,6 млрд теңгеге міндеттемелер қабылданып, қазынашылықта тіркелген. 96,9 млрд теңгеге әлі де болса міндеттемелер қабылданбаған.

«Оның ішінде 83,9 млрд теңгесі Инвестиция және даму министрлігі бойынша 25 автожол жобаларының құрлысын салуға келеді. Осы соманың 46,1 млрд теңгесіне 12 маусымға шетелдегі мердігерлермен қаржылық келісімшарттарға қол қойылды. Өткен жиналыста айтылғанындай, 13 жобаға бөлінген 42,9 млрд теңгенің игерілмеу қаупі бар», - дейді Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар