Бюджеттің 45%-ін әлеуметтік салаға бөлудің мультипликативтік әсері өте жоғары болады - мысырлық сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Республикалық бюджеттің 45%-і әлеуметтік салаға бөлінуі қазақ қоғамындағы бірқатар мәселелерді шешіп, экономиикалық дамуды қамтамасыз етеді. Бұл бағытта Ұлттық қордан қаражат бөлу - заңдылық. Мысырлық «Диалог» стратегиялық зерттеулер орталығының атқарушы директоры, саясаттанушы Ахмед Тахир осылай пікір білдірді.

«Қазіргі уақытта халықты әлеуметтік қамтамасыз ету кез келген биліктің алдында тұрған күрделі міндет. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билеуші партия жиыны барысында айтқан «Біздің басты басымдығымыз - азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру және Қазақстанды әлеуметтік мемлекет ретінде дамыту» деген сөзі алдағы уақытта мемлекет қоғамның әлсіз топтарына жан-жақты қамқорлық көрсететінін білдіреді» дейді саясаттанушы.

Сондай-ақ, Ахмед Тахир бюджеттің көп бөлігін әлеуметтік салаға бөлудің мультипликативтік әсері өте жоғары болатынын айтады.

«Республикалық бюджеттің 45%-ін әлеуметтік салаға бөлу қазақ қоғамындағы бірқатар мәселелерді шешіп, мультипликативтік әсері өте жоғары болып, экономиикалық дамуды қамтамасыз етеді. Бұл бағытта ұлттық қордан қаражат бөлу - заңдылық», - деп түйіндеді сөзін сарапшы.

Соңғы жаңалықтар