Бюджеттік емес кәсіпорындар жұмысшыларына 1 млрд 400 млн теңге қарыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бюджеттік емес кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшылар 1 млрд 400 млн теңге жалақысын ала алмай жүр. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жәрдемақы, зейнетақы төлеуден, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтіндерге жалақы төлеуден еш мәселе жоқ. Ал енді бюджеттік емес кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерде қазіргі таңда 1 млрд 400 млн теңгенің қарыз бар. Оның 980 млн теңгесі - бонкроттық рәсімде тұрған кәсіпорындарда. Біз қазір олармен жергілікті билік өкілдері арқылы бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, бүгінгі күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 39 түрлі әлеуметтік көмек көрсетеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы да 5 әлеуметтік қызмет көрсету осы министрлікке жүктелген. Өткен жылы ғана аталған қор төлеген қаражат көлемі 2 трлн 800 млн теңгені құрады. Биыл 3 трлн 300 млрд теңгені құрамақ.

«Былтыр базалық зейнетақы 80 пайызға өсті. Яғни, қазақстандықтардың өтініші бойынша еңбек өтілдері есептелінетін болды. Соған сәйкес орташа жалақы 81 мың теңгені құрады. 5 айдың қорытындысында ол 85 785 теңге болды. Келесі жылдан бастап енгізілетін жаңалықтардың бірі - ол зейнетақы қорына жұмыс берушілердің төлемдерін көбейту. Бұрын жұмысшы 10 пайыз төлейтін болса, оған қосымша жұмыс берушілер енді 5 пайыз төлейтін болады. Сөйтіп, зейнетақы жарнасы 15 пайызға жетеді», - деді Бердібек Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар