Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері конкурстарды өткізуді созбалаңға салып отыр - Әлихан Смайылов

2019 жылғы 12 ақпан 13:14 319
Бөлісіңіз:
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері конкурстарды өткізуді созбалаңға салып отыр  - Әлихан Смайылов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері конкурстарды өткізуді созбалаңға салып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО денсаулық сақтау саласында 697,8 млн теңге игерілмеген Автокөліктің VIP-нөмірлерін сатудан бюджетке 4 млрд теңге түсті

«Есепті айды бюджет қаражатын игеру үшін ұйымдастыру іс-шараларын өткізу кезеңі деп айтуға болады. Мемлекеттік сатып алу процедураларының оңай қолданылуы бюджет қаражатын игеруде негізгі фактор болып табылады. Сондықтан мемлекеттік сатып алу заңнамасының процедуралары толығымен электрондық форматқа ауысып, жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге жағдай жасалды. Бірақ, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан әлі де болса конкурстарды өткізу, қосымша шарттарды қабылдау жұмыстарын созбалау байқалуда», - деді Ә.Смайылов.

Сонымен қатар, министр дерегінше, мемлекеттік бюджеттің шығыстары есепті кезеңде, яғни қаңтарда 999 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ол 112,2 пайызға өсіп отыр. Республикалық бюджет шығыстары 951 млрд теңгеге атқарылды. Оның 95 пайызы ағымдағы шығыстарға тиесілі.

«Бюджет қаражаты 47 млрд теңгеге атқарылмады. Оның 10 млрд теңгесі үнемдеу болады. Ал, игерілмеу сомасы 37 млрд теңгені құрады.  Негізгі себептер: конкурстық рәсімдерді ұзақ және уақтылы өткізбеу, орындалатын жұмыстардың бекітілген кестеден қалуы, қазынашылық органдарына тіркеуге шарттар мен қосымша келісімдерді кеш ұсыну», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жергілікті бюджеттердің шығыстары 190 млрд теңгеге игерілді. 16 млрд теңге орындалмады. Өңірлердің шоттарындағы қалдықтар 175 млрд теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда екі есе өсті. Өсім барлық өңірлерде орын алды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Бюджет, Басқа меморгандар,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT