Бюджетті нақтылау бойынша бөлінген қаржы қарашаның 15-не дейін өңірлерге жететін болады - Б. Сұлтанов

None
None
анның 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - 2009 жылғы бюджетті нақтылау бойынша бөлінген қаражат өңірлерге қарашаның 15-не дейін жететін болады.

 Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заңы бойынша баяндама жасаған ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Үкімет ағымдағы жылдың 9 айының қорытындылары бойынша шұғыл шаралар қабылдап, бюджетті нақтылады. Жете игерілмей қалуы мүмкін деген бюджет шығыстары да жедел қаралып, біршама қаражаттар қысқартуға ұшырады. Соның нәтижесінде заң жобасын Парламентке ұсынып, депутаттардың қолдауы арқасында құжат уақтылы қабылданып отыр. Сонымен бірге, бюджет бойынша қайта бөлінетін қаражаттың діттеген жеріне шапшаң жетуінің де маңызы зор. өйткені, жылдың аяқталуына 2 ай ғана қалды, ал қазір бөлініп отырған қаржы нақты экономикаға жұмыс істейтін болады. Бюджетті нақтылаудағы басты мақсаттың бірі осы. Парламент қабылдағаннан кейін, Елбасы заңға қол қойса, бөлінген қаражат қарашаның 15-не дейін өңірлерге жетуі тиіс. Бұл ретте ең алдымен бюджет әкімшілері де өздерінің қаржыландыру жоспарына сәйкес өзгерістерді енгізуі шарт», деді Б. Сұлтанов.

 Естеріңізге сала кетейік, бүгін Парламентте қабылданған бюджеттің нақтылауында жыл соңына дейін бірқатар шұғыл іс-шараларды шешуге жалпы сомасы 98,9 млрд. теңгенің шығыстары ұлғайтылған болатын.  

Соңғы жаңалықтар