Бюджетте бекітілген мұнай бағасы өзгермейді - ҰЭМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бюджетте бекітілген мұнай бағасы өзгермейді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнай бағасын өзгертпейміз. Себебі бюджетте бағаның консервативті нұсқасы бекітілген болатын», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта мұнай барреліне 67 доллардан сәл жоғары бағамен саудаланып жатқанын айтты.

«Ол өзгеріп отырады және оның бірнеше себебі де бар. Солардың бірі, қазіргі уақытта АҚШ-тың қазынашылық қағаздарында «ауытқымалы кірістілік инвериясы» байқалып отыр. Бұл өте сирек кездесетін жайт. Үшайлық қазынашылық қағаздарының кірістілігі онжылдық қағаздар кірісінен асып кетті. Мұндай жайт 2007 жылы, 2000 жылы, 1989 жылы болған еді. Әдетте кірістің мұндай ауытқуы Құрама Штаттар экономикасындағы рецессия алдында болатын. 1957 жылдан бері АҚШ-та жалпы 9 рецессия байқалды. Әдетте инвесторлар мұнан арғы экономикалық өсімге сенбей ұзақмерзімді қағаздарды өздерінің кірістерін бекіту үшін сатып алады. Қортындысында қағаздың өзінің құны өсіп, ал оның кірісі төмендейді», - деп түсіндіреді Р.Дәленов.

Ал мұндай жағдай әлемдік нарыққа әсерін тигізіп, құбылмалыққа алып келеді.

«Қазақстанға қатысты айтар болсам, меніңше, мұндай құбылмалық тәуекелі төмен. Өйткені, бюджет пессимистік және орта параметрлер негізде қалытасқан. Сауда балансы оң, алтын-валюта қоры жеткілікті», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар