+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Бюджетте азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге басымдық берілді - Мәулен Әшімбаев

2020 жылғы 19 қараша 12:27
Бөлісіңіз:
Бюджетте азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге басымдық берілді - Мәулен Әшімбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылады. Құжатқа толықтырулар енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керек - Мәулен Әшімбаев Қостанай облысында былтырғы бюджеттің 3 млрд теңгесі игерілмей қалған Мәжіліс өзге мемлекеттермен қарым-қатынаста Қазақстан мүддесін қорғайтын құжатты мақұлдады

Депутат Нұрлан Қылышбаев республикалық бюджет жобасы өзінің әлеуметтік бағытын сақтай отырып, Мемлекет басшысы қойған міндеттерге сәйкес келетінін атап өтті. Алайда заң жобасын талқылау барысында Сенаттың комитеттері мен депутаттарынан мемлекеттің тыныс-тіршілігінің түрлі салаларына қатысты өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар келіп түсті.

«Үш жылдық кезеңге 20 млрд теңгеге ұсыныстар қолдау тапты, оның ішінде 2021 жылға 15 млрд теңге», - деп нақтылады сенатор.

Шығыстарды қайта бөлу негізінде қосымша қаржыландыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- газдандыруға жалпы сомасы 2,7 млрд теңге, оның ішінде 2021 жылға – 2,1 млрд теңге;

- тұрғын үй салу және қайта жабдықтауға жалпы сомасы 6 млрд теңге, оның ішінде 2021 жылға – 4 млрд теңге,

- инфрақұрылымдық және өзге де жобалар 6,7 млрд теңге, оның ішінде 2021 жылға - 4,6 млрд теңге.

2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет: қаражаттың жартысынан астамы әлеуметтік салаға жұмсалады.⠀

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сыртқы нарықтағы күрделі жағдайға байланысты дағдарысқа қарсы кешенді іс-шараларды қаржыландыру жалғаса беретінін атап өтті. Бюджетті қарау барысында алдағы үш жылда азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге басымдық берілді. Соған сәйкес 2021 жылы бюджет шығындарының 50 пайыздан астамы әлеуметтік салаға жұмсалады. ⠀

Сонымен қатар ол экономикадағы қиындықтарға қарамастан, Президенттің тапсырмасы бойынша бюджетте барлық әлеуметтік міндеттерді орындауға керекті қаржы қарастырылғанын жеткізді. Бұл қаражат әлеуметтік төлемдерді индексациялауға, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақыларын көбейтуге және халыққа медициналық қызмет көрсетуге бағытталады.

«Еліміз үшін аса маңызды болып саналатын – инфрақұрылымды дамыту, орталық және солтүстік өңірлерді газдандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, айтарлықтай қаржы шағын және орта бизнесті қолдауға әрі әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға арналған баспана құрылысына бөлінеді», – деді Сенат төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT