Бюджетке түзету енгізіле ме - министр жауабы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бюджетке түзету енгізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде бюджеттік бағдарламалардың орындалу тәуекеліне күдік келіп отырған жоқ. Өйткені, бүкіл бюджет теңгемен қалыптастырылады.  Ағымдағы жылдың тамызында бағамның өзгеру ықпалы тұрғысынан алар болсақ, біз өз бюджетімізде орташа жылдық бағамды аламыз. Ол  340 теңгеден асты, ал жыл соңына дейін бағам 363 теңгеден асып жығылуы қажет. Жылдың бірінші жартыжылдығында 340 теңгеден төмен болуына байланысты бюджеттік бағдарламалардың орындалуына қандай да бір қауіп көріп отырғанымыз жоқ», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Тимур Сүлейменов бюджеттің қайта қаралу мүмкіншілігін де жоққа шығарды.

«Дәл қазіргі сәтте бюджетті нақтылауға қатысты айтар болсам, әдетте ол күзде, қазан айында болады. Ол тек қана макроэкономикалық факторлармен байланысты жүргізілмейді. Ол көп жағдайда бюджеттің орындалуына, толықтай алғанда экономиканың дамуына байланысты, тек бір бағана факторға байланып тұрған жоқ. Әзірше, біздің экономикамыз қалай ілгерлеп келе жатқанын, мемлекеттік бағдарламалар  қалай орындалу үстінде екендігін, салалардағы, облыстардағы ахуал қандай екендігін бағалаймыз. Осындау кешенді бағалауға байланысты біз нақтылау жасау қажет пе, жоқ па екендігін шешеміз. Бір ғана бағамның өзгеруі бюджеттік нақтылау үшін жеткіліксіз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар