«Бюджетке қатысу» жобасы: Алматыда 7 млрд теңгенің 322 жобасы жүзеге асырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша құны 7 млрд теңгенің 322 жобасы жүзеге асырылды. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев мегаполис активінің отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында абаттандыру мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бюджетіне «халықтың қатысуы» үлесін 10 есеге арттыруды тапсырғанын атап өтті.

Оның айтуынша, «Бюджетке қатысу» жобасы Алматыда екінші жыл жүзеге асырылып жатыр. 23 тамыздан бастап жобаны іске асырудың үшінші жылына өтінімдер қабылданды.

Мәселен, екі жыл ішінде саябақтар, скверлер, аулаларды абаттандыру, қоғамдық орындарды жарықтандыру мен жөндеуге құны 7,3 млрд теңге болатын 322 жоба (2020 ж. - 49 жоба, 2021 ж. - 273 жоба) жүзеге асырылды.

«Бұл жобадағы бюджеттің үлесі 5 пайыз. Бұл белгіленген ең төменгі көлемнен 10 есе көп. Ең төменгі көлем «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы үшін жылдық бюджеттің 0,5%-нан кем емес. Ал екі ауданда – Алатау мен Наурызбайда бюджеттің үлесі ең төменгі шекті деңгейден 15 есе жоғары»,- деді ол.

Бақытжан Сағынтаев болашақта «Бюджетке қатысу» жобасы аясында қаланың шеткі бөлігі үшін жобаларды іріктеу процедураларын одан әрі жетілдіру керектігін айтты. Яғни, жыл бойы тұрғындардың ұсыныстарын жинау жоспарда


Соңғы жаңалықтар