+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

«Бюджетке қатысу»: Алматыда 267 жоба жүзеге асырылып жатыр

2021 жылғы 14 қыркүйек 17:59
Бөлісіңіз:
«Бюджетке қатысу»: Алматыда 267 жоба жүзеге асырылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда биыл алты миллиард теңгенің 267 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бүл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Алмас Батанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бірқатар колледж модернизациядан өтті Үш жылдық бюджетте әлеуметтік міндеттерге ерекше назар аударылды - Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жаңа үш жылдық бюджет жобасын мақұлдады

Оның айтуынша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, 2019 жылы республика бойынша алғаш Алматы қаласында «Халық қатысатын бюджет» пилоттық жобасы іске асырылды.

« 2019 жылы тұрғындардан 333 жобалық ұсыныс түсті, оның ішінде 228 дауыс беруге жіберілді, 183 жоба 10-нан артық дауыс жинады, 55 жоба іске асыруға жіберілді, 49 жоба іске асырылды. Ал, 2020 жылы халықтан 796 ұсыныс түсті, бұл 2019 жылға қарағанда 463 жобаға артық. Осы жобалық ұсыныстардың ішінде 448-і дауыс беруге жіберілді, 281 жоба қайтарылды, 60 жобаны авторлар пысықтамады, 273 жоба іске асыруға жіберіліді, қазір 268 жоба іске асырылып жатыр»,-дейді спикер.
Спикердің сөзінше, 2021 жылы 7,3 млрд теңгеге 273 жобасы іске асыруға жіберілді, бүгінгі күні 6 млрд теңгенің 267 жобасы қолға алынды. 2,1 млрд теңгенің 107 жобасы аяқталды.
«Бұл аумақтарды тиімді басқару үшін азаматтар мен жергілікті атқарушы орган арасындағы диалог. Жобаның мәні – кез келген қала тұрғыны өз қалауы бойынша қалалық ортаны дамыту жөніндегі идеясын ұсына алады. Ол бастама дауыс беру процесінде басқа тұрғындардың қолдауына ие болуы шарт»,- деді басқарма басшысы.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT