Бюджет процесінде өңірлердің жауапкершілігі күшейеді – Қаржы министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жергілікті жерде салық базасын кемітіп көрсету фактілеріне қатысты Есеп комитетінің ескертуі орынды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Есеп комитетінің республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы қаржы ағындарын барынша азайту жөніндегі ұсынысымен келісеміз. Өңірлердің бюджет дербестігін нығайту үшін қосымша салық түсімдерін өңірлерге беру жолымен бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жүзеге асырылатын болады», - деді Е. Жамаубаев.

Оның айтуынша, бюджет процесінде өңірлердің жауапкершілігі күшейтілмек.

«Жалпы сипаттағы трансферттерді көбірек алу үшін жергілікті жерде салық базасын кемітіп көрсету фактілеріне қатысты Есеп комитетінің ескертуін орынды деп санаймыз. Сол себепті бюджет процесінде өңірлердің жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінетін болады», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Е. Жамаубаев былтыр мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындағанын айтты.


Соңғы жаңалықтар