Бюджет пен кәсіпкерлер арасындағы транзакцияларды жариялы ету ұсынылды - құрылтай

None
None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат –Ұлттық құрылтайдың алғаш отырысында мемлекеттік бюджет пен кәсіпкерлер арасындағы транзакцияларды жариялы ету ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Біздегі көптеген мәселенің, сенімнің шайылуының негізгі себебі – жемқорлық. Оған қарасы күресте соңғы уақытта атқарылған пәрменді істерге қосар екі ұсынысым бар. Біріншіден, мемлекет ортақ игіліктерді бөлгенде блокчейнді енгізу. Екіншіден, мемлекеттік бюджет пен кәсіпкерлер арасындағы транзакциялардың жариялылығын қамтамасыз ететін интернет платформа жасау», - деді Ұлттық құрылтай мүшесі Әлихан Бәймен.

Оның айтуынша, ендігі жерде аудан, қала деңгейіндегі билікті нығайту маңызды.

«Мысалы, бүгінде шалғай ауылда мектеп не аурухана тқөбесінен су ақса, жөндеуге облыс қаражат бергенше күту керек. Сол себептен осы деңгейдегі билікті күшейтсе, халық шешетін мәселелер өзіне жақын болатын еді», - деді ол.

Айта кетейік, Президент Ұлытау облысындағы жұмыс сапары аясында Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысып жатыр.

Кеше Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай құру туралы Жарлығы жарияланды.

Ұлттық құрылтайдың қазіргі құрамында Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам бар.

Солардың бір парасын атасақ, ақын Мұхтар Шаханов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, академик Асқар Жұмаділдаев, экономист Жақсыбек Күлекеев, саясаткер Әлихан Бәйменов, журналист, медиа-менеджер, қоғам қайраткері Ермұрат Бәпи, Парламенттің бірнеше шақырылымының депутаты Нұртай Сабильянов, балуан Дәулет Тұрлыханов, ғалым-биотехнолог Күнсұлу Закария, дінтанушы Қайрат Жолдыбай, ғалым Анар Фазылжанова сияқты есімдер бар.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің жазбасына сүйенсек, келешекте құрылтай жұмысына қатысушылар ауыстырылып отыруы мүмкін.



Соңғы жаңалықтар