Бюджет кодексі түзетулермен Парламенттің қарауына енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жақын арада ҚР Бюджет кодексіне түзетулер енгізіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Бюджет кодексіне арнайы түзетулер жобасын әзірледік және ол жақын арада Парламенттің қарауына енгізіледі. Қазіргі жағдайға тоқталсақ, бізде Бюджет кодексі бойынша алдымен лимиттер айқындалып, содан кейін келесі кезеңде меморгандардың стратегиялық жоспарлары бекітіледі. Біз осы тәжірибені ауыстырғымыз келеді, бастапқыда басымдықтарды, қол жеткізілетін соңғы нәтижелер көрсеткіштерін айқындап, осының аясында қажетті қаржы бөлінеді», - деді Ә. Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, бюджет өтінімін енгізумен қатар, әкімшілер қаржыны игеруден қандай нәтиже болатынын көрсетуі тиіс.

Сонымен қатар, түзетулерде қазынашылықта мемлекеттік бағдарламалар операторлары үшін арнайы шоттарды ашу мүмкіндігін енгізу ұсынылды. Осы орайда мемлекеттік қолдау алушыларға субсидиялар тікелей қазынашылық шоттарынан бағытталады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның борышы қауіпсіз деңгейде кенін атап өтті. Сонымен қатар ол квазимемлекеттік субъектілердің шоттарындағы қалдықтарға қатысты түсінік берді.



Соңғы жаңалықтар