Бюджет кірісінің үштен бірі Ұлттық қордан бөлінген – Есеп комитеті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова бюджет қаражатын сапасыз жоспарлау мәселесін сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық бюджет саласындағы заңбұзушылықтар 27%-ға азайды, 2020 жылы 570 млрд теңгеге, 2021 жылы – 413 млрд теңгеге заңбұзушылықтар анықталған. Бюджет қалай қалыптасады? Бірден проблемаларға көшейін. Бюджет белгісіз себептермен бір жылдық шығындарға қаржы жетпейтіндей етіп жоспарлана бастады. Бұл нонсенс. Егер коммуналдық қызметтерді төлеуге ақша жетпесе, пәтерді күрделі жөндеуді жоспарламаймыз ғой. Мемлекет басшысының бастамаларын қоспағанда – бұл бюджетті сапасыз жоспарлау және оған Қаржы министрлігінің келісім беруі. Содан кейін мемлекет Ұлттық қордан осы кезекті шығындарға ресурс бөлуге мәжбүр болады. Біз шығындардың басымдығын терең зерттемей-ақ бюджетті бекітіп жібереміз, содан кейін бір жылда бесінші бөлігін түзетіп, қайта қаражат бөлеміз. Жобалар санын арттыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 50 миллионнан бюджет қаржысын береміз, келесі жылы оларды қаржыландыру мәселесін ойламаймыз», - деді Н. Годунова Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, кірістердің үштен бірінен астамы – 36% Ұлттық қор қаражаты есебінен қалыптасқан.

«Бұл көрсеткіш соңғы үш жыл бойы жоғары деңгейде қалып отыр, ал мемлекеттік қазынаны салықтық әкімшілендіру есебінен толықтыру резерві айқын көрінді. Өкінішке қарай, биыл да мемлекеттік аудит Мемлекеттік кірістер комитеті салық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту арқылы келді деп мәлімдеген қосымша түсімдерді растамады. Біз жарияланған 684 миллиардтың 378 миллиардын ғана, 1,8 есе аз қаражатты растай алдық», - деді Н. Годунова.


Соңғы жаңалықтар