Валюта бағамдары:
    usd/kzt 467.99 eur/kzt 488.82

    rub/kzt 7.7 cny/kzt 65.06
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Бюджет кірісінің 71 пайызы салықтан түседі

2022 жылғы 5 қазан, 12:19

АСТАНА. ҚазАқпарат –Мемлекеттік бюджет кірісінің 71 пайызы салықтан түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бюджеттің кіріс бөлігі биыл былтырғыдан 35 пайыз жоғары болған. Кірістің негізгі бөлігі әдеттегідей салықтан түсіп отыр - 71%.

«Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша еліміздің мемлекеттік бюджетіне 11,4 трлн теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,4% артық.

Салыстырсақ, былтырғы жеті айда мемлекеттік бюджеттің кірісі 8,4 трлн теңге болып, бір жылда 4,6% өсті.

Табыстың көп бөлігі әдеттегідей салық түсімдерінен алынды – 70,8%. Яғни, жеті айда салықтардан 8,1 трлн теңге алынған. Бұл былтырғыдан 46,2% артық. Оның ішінде табыс салығының түсімдері 3,1 трлн теңге, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің ішкі салықтары 2,9 трлн теңге, халықаралық сауда және сыртқы операциялардың салықтары 1,2 трлн теңге, әлеуметтік салық 567,7 млрд теңге, меншік салығы 254,5 млрд теңге болды», -деп жазады Finprom.kz


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары