+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Бюджет қаржысын жымқырған «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің басшысы сотталды

2019 жылғы 12 қыркүйек 11:44
Бөлісіңіз:
Бюджет қаржысын жымқырған «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің басшысы сотталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК бас директоры К.У. Керімбековке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бюджет қаражатын ұрлаған мектеп бухгалтері 3 жылға сотталды Қазақстанның қай салаларында жемқорлық қылмысы көп кездеседі Бірыңғай деректер базасын құруда кемшіліктер көп - Алик Шпекбаев

Керімбеков алаяқтық жасап, өзі бағынатын ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің лауазымды тұлғаларына беремін деп орынбасарларынан 764 мың теңге жинап алды деген күдікке іліккен.

Бұдан бөлек, лауазымын теріс пайдалана отырып, бюджет қаражатын жымқырды деген күдік те болған. МҰТП басшысы Түркістан облысының Төле би ауданындағы Қазақстан ауылында 564 мың теңгеге жоңышқаны орып, тасымалдау жұмыстарының актісіне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған.

11 қыркүйек күні Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Керімбековке 7 640 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT