Бюджет қаржысын ұрлаған Қарағанды облысы әкімінің экс-орынбасары сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ж.Әбішев пен оның інісі Е.Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары аяқталды. Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Ж.Әбішев заңдағы шектеулерге қарамастан інісі Е.Әбішевтің компаниясына қамқорлық таныту арқылы кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан. Е.Әбішев Қарағанды облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына мүгедектерге арналған арбаны жеткізіп беру барысында 101 млн теңге бюджет қаражатын ұрлаған.
«Сотқа дейінгі тергеу сатысында Әбішев келтірілген залалды өтеді және прокуратурамен кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде процессуалдық келісім жасады. Осы жылдың 5 қыркүйегінде Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен Ж.Әбішевке 2 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынды және ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Оның інісі Е.Әбішев шартты түрде 5 жылға сотталды», - деп атап өтті агенттік.


Соңғы жаңалықтар