Бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бағалайтын волонтерлер желісі құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев «Ашық бюджет» жобасының негізгі мақсатын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бюджеттік жүйеге қатысты айтар болсақ, біз жемқорлық пен тиімсіздік, транспаренттілік пен есептіліктің кемшілігі, шектеулі құжат қаражатын тиімді жұмсау сынды құбылыстардан үлкен зардап шегіп отырғанымыз сөзсіз. Бұл тұрғыда бүкіл әлемде «ашық бюджет» деген түсінік бар. Оның мақсаты - транспаренттілік пен есептілік. Әрине, жоғары стандарттар, дамыған демократия стандарттары бар. Дегенмен, мәселен, Франция сынды демократиясыдағын елде азаматтар бюджеттік жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін, оның тиімділігін, салық салудың қандай деңгейі бар екендігін, ол халықтың әл-ауқатын арттыруға септігі тигізе алатындығын біле бермейді»,- деді ол IX Азаматтық форум аясында өтіп жатқан «Азаматтық қоғам жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы алаңда.

Оның атап өтуінше, Қазақстанның да алдында бұл проблема өткір тұр.

«Сондықтан әріптестерімізбен бюджет ашықтығы мен есептілігі проблемасын көтеріп жүрміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арқасында бұл мәселеге назар аударта алдық. «Ашық бюджет» жобасына бастамашылық жасадық. Оның мақсаты - ашық бюджет, есептілік ұстанымдарын кеңінен насихаттау және азаматтық белсенділерді қаражаттың жұмсалуын бағалауға, мониторингке жұмылдыру. Қазір алдымызда бюджет қаражаты жұмсалуының тиімділігі мен транспаренттілігін бағалау, оларды өңірлік деңгейде бөлу және жоспарлау мүмкіндіктерін кәсіби бағалайтын агенттік (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі) мамандарының, волонтерлердің өңірлік желісін құру міндеті бар», - деді орталық директоры.


Соңғы жаңалықтар