Былтырғы жаздағы жағдай қайталанбауы керек – Президент эпидемиологиялық ахуал туралы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте денсаулық сақтау нысандарының сапасын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірнеше айдың ішінде жаңа инфекциялық ауруханалар салынды, қажетті құрал-жабдық сатып алынды, дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Медицина қызметкерлерін де оқыттық. Енді, осының бәрін дұрыс әрі тиімді пайдалану керек.

Былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды. Денсаулық сақтау жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Өкінішке қарай, осы мәселеде олқылықтар бар. Менің тапсырмам бойынша өңірдегі денсаулық сақтау нысандары тексерілді. Оның нәтижесі көңіл көншітпейді. Жаңадан салынған модульді жұқпалы аурулар орталықтары ғана стандарттарға сай келеді», - деді Президент.

Айта кетейік, Президенттің қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр.

3


Соңғы жаңалықтар