Былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда азық-түлік тауарларының бағасы 7,7 пайызға өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қазанда азық-түлік тауарларының бағасы 2013 жылғы қазанмен салыстырғанда 7,7 пайызға көтерілді.

«2014 жылғы қазанда 2013 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 15,4 пайызға, ұнға - 14,4 пайызға, сүт өнімдеріне - 11,5, балық және теңіз өнімдеріне - 9,7, кофе, шай және какаоға - 9,4, тоқаш және ұн өнімдеріне - 8,8, кондитерлік өнімдерге, алкогольді ішімдіктерге - 8,7, макарон өнімдеріне - 7,8, жемістер мен көкөністерге - 7,5, сондай-ақ нанға - 6,4, май және тоң майға 1,4 пайызға өсті. Бағаның төмендеуі жармаларға 2,9 пайыз көлемінде байқалды»,-делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінде.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 5,1 пайызды құрады. Құс етіне баға деңгейі 19,2 пайызға, шұжық өнімдеріне - 11,3 пайызға, жылқы етіне - 2,2, қой етіне - 0,7, сиыр етіне 0,2 пайызға жоғары болды.

Соңғы жаңалықтар