Былтырғы референдум және сайлау науқандары бірлігіміздің бекем екенін көрсетті - Президент

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздегі реформалар мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің айтуынша, Қазақстан өзінің геосаяси төңірегінде терең трансформацияларды жүзеге асырып жатқан бірден-бір мемлекетке айналды. Бұл бағыттағы қадамдар оңай болмайтыны анық, бірақ осы қарқынымызды бәсеңдетуге болмайды.

Осы орайда Мемлекет басшысы ел мүддесі бәрінен жоғары тұрғанын атап өтті. Сондықтан еліміздегі реформалар, ең алдымен, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Былтырғы референдум және сайлау науқандары бірлігіміздің бекем екенін айқын көрсетті, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның өзара сенімін нығайтты, барша азаматтардың ел болашағына қатысты ұстанымы бір екенін танытты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі сессия барысында Президент ҚХА-ның жаңа сыйлықтары мен орденін бекітуді ұсынды.

Мемлекет басшысы татулық пен келісім халқымыздың өмір салтына айналуы тиіс екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар