Былтыр жеке сот орындаушылар кәсіпкерлердің пайдасына 185 млрд теңге өндірген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы жеке сот орындаушылар мемлекет кірісіне - 31 млрд, ал бизнестің пайдасына 185 млрд теңге өндірді. Бұл туралы Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Айдос Иманбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр сот орындаушылардың өндірісінде 7,8 млн атқарушылық құжат болды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,1 млн құжатқа артық. 2021 жылы 2,3 млн іс толық орындалса, былтыр 2,6 млн іс атқарылды. Мемлекет кірісіне 31 млрд, азаматтардың жалақысына – 4 млрд теңге, бизнестің пайдасына 185 млрд теңге өндірді», - деді Айдос Иманбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Палата төрағасы жеке сот орындаушыларға қатысты азаматтар тарапынан айтылып жататын талап-шағымдарға да тоқталды.

«2021 жылмен салыстырғанда былтыр жеке сот орындаушыларға қатысты шағымдар саны 33%-ға азайған. Атап айтқанда, жеке сот орындаушылардың әрекетіне байланысты 4 217 арыз түсіп, оның 624-і қанағаттандырылды. Жоғарғы Сот сот орындаушылардың іс-әрекеттерін даулайтын істерді қорытындылап, өткен жылмен салыстырғанда талап қою көрсеткіші 8%-ға төмендегенін атап өтті», - деп мәлімдеді Айдос Иманбаев.


Соңғы жаңалықтар