Былтыр жедел жәрдем қызметі 7,2 млн рет көмек көрсетуге барған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы 103 қызметін жаңғырту нәтижелері жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш нәтижеде, 2018 жылы жедел медициналық көмек қызметі 7 255 000 шақыртуға қызмет көрсеткені аталып өтілген.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетудің екі деңгейлі моделін енгізу нәтижесінде пациентке жету уақыты айтарлықтай қысқарды. Шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарын енгізу жалғастырылды. Осылайша, медициналық көмек көрсету сапасын арттыру көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда 2018 жылы сәтті реанимация көрсеткіші 11% - ға жақсарды: 2016 жылы көрсеткіш 35,7% - ды, 2017 жылы - 40,5% - ды, 2018 жылдың соңында жоспарлы көрсеткіш 45% - ды құрады, 2018 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша сәтті реанимация көрсеткіші жедел медициналық көмек қызметкерлерімен жүргізілген барлық реанимацияның 46,7% - ын құрады», - делінген хабарламада.

103 қызметінің материалдық-техникалық базасы күшейтілген.

«2016 жылмен салыстырғанда 2018 жылдың қорытындысы бойынша медициналық жабдықтармен жабдықтау 4 пайызға артып 87% құраған.

2016-2017 жылдармен салыстырғанда GPS навигациясымен жабдықтау жағдайы жақсарды. Сондай-ақ санитариялық көлікпен қамтамасыз ету артты. 2018 жылдың қорытындысы бойынша қызметтің санитариялық көлікпен жабдықталуы 99% құрады», - делінген хабарламада.

Пилоттық жоба шеңберінде стационарлардың қабылдау бөлімшелері жұмысының жаңа форматы енгізілді: мамандарды оқыту, стандарттарды енгізу, редизайн және қайта құру, материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту басталды.

Еске слаа кетсек, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жедел жәрдемнің жету уақыты 15 минутқа шейін қысқарғанын мәлім еткен болатын.

«Халықтың маған көбіне шағымданатын негізгі үш проблемасы бар ол - емханалардағы кезек, науқастарды қабылдайтын бөлмелердің жұмыс форматы және жедел жәрдем бригадасының жету уақыты. Бұл механизмдер бір-бірімен өзара байланысты. Өңірлермен 103 қызметін жетілдіру жұмыстарының өткен жыл бойынша қорытынды жиынын өткіздік. Жұмыс нәтижелерінің бірі ретінде емханалардың созылмалы ауруы бар емделушілермен жұмыстың жақсаруы. Оған дәлел созылмалы аурудың асқынуы бойынша жедел жәрдем көмегіне жүгіну динамикасының азаюы. 2018 жылдың соңында аталған мәселе бойынша жедел жәрдемді шақырту 584 743-ке дейін қысқарған», - деп жазды Елжан Біртанов Фейсбук парақшасында.

Соңғы жаңалықтар