Былтыр жалақы ең төмен өңірлерге Шымкент, СҚО және Түркістан облысы кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы тек 4 өңірдің орташа айлығы республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ресми статистика бойынша, былтыр Қазақстанда орташа жалақының мөлшері 250,3 мың теңге болған.

Бұл межеден тек Атырау (406,2 мың тг), Маңғыстау (349,5 мың тг) облыстары мен Нұр-Сұлтан (344,7 мың тг), Алматы (296 мың тг) қалаларының статистикасы ғана жоғары.

Атырау облысы - 406,2 мың тг

Маңғыстау облысы - 349,5 мың тг

Нұр-Сұлтан - 344,7 мың тг

Алматы - 296 мың тг

Қазақстан - 250,3 мың тг

Қарағанды облысы - 240,6 мың тг

Батыс Қазақстан облысы - 226,5 мың тг

Шығыс Қазақстан облысы - 224,7 мың тг

Павлодар облысы - 220,3 мың тг

Ақтөбе облысы - 217,6 мың тг

Қызылорда облысы - 212,8 мың тг

Алматы облысы - 207,6 мың тг

Ақмола облысы - 203 мың тг

Қостанай облысы - 201,9 мың тг

Жамбыл облысы - 195,9 мың тг

Түркістан облысы - 195,3 мың тг

Шымкент - 193,7 мың тг

Солтүстік Қазақстан облысы - 187,5 мың тг.

Статистер жалақы мөлшерінің қызмет түрлері бөлініснідегі статистикасын да ұсынып отыр.

Ол мәлімет бойынша, ең жоғары айлық басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге тиесілі болған – 447,8 мың теңге.

Одан кейінгі орындар мынадай ретпен түзілген:

- Кәсіби мамандар –291,9 мың тг;

- Техник-мамандар және өзге де көмекші кәсіби қызметкерлер – 217,9 мың тг;

- Әкімшілендіру саласындағы қызметкерлер – 195,5 мың тг;

- Қызмет көрсету және сату саласының қызметкерлері – 158,4 мың тг;

- Фермерлер мен ауыл және орман шаруашылығы, балық өсіру және балық шаруашылығы жұмысшылары – 145,5 мың тг;

- Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және өзге де соған ұқсас қызметтегі жұмысшылар –252,6 мың тг;

- Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар және жүргізушілер –263,1 мың тг;

- Біліктілігі жоқ жұмысшылар – 107,8 мың тг;

Өзге топтарға кірмейтін жұмыскерлер – 183,7 мың тг.

Айта кетейік, Үкімет түрлі саладағы 1,1 миллионнан астам жұмысшының еңбекақысы көтерілетінін мәлім еткен болатын.


Соңғы жаңалықтар