Былтыр Ұлттық қорының активтері 5 трлн. 459,6 млрд.теңгеге толықты - Қаржы министрі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық қорының активтері 2014 жылы 5 трлн. 459,6 млрд.теңгеге толықтырылған. Бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстырған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджетке 2014 жылда 5 988,5 млрд.теңге түсті, бұл жоспарға 99,4 пайызды құрайды. Негізгі бөлік немесе түсімдердің жалпы көлемінде 98,7 пайызы кірістерге тура келді, ол 5 трлн. 908,8 млрд. теңгені құрады, бұл жоспарға 99,3 пайыз. Соның ішінде салықтық түсімдер 3 666,1 млрд. теңге немесе 98,2 пайыз, салықтық емес түсімдер - 131,7 млрд.теңге немесе 110,4 пайыз, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 7,7 млрд.теңге немесе 99,1 пайыз және трансферттер 2 103,3 млрд.теңге немесе 100,5 пайызды құрайды.

«Бюджеттің мығым жақтарына тоқталсақ, бұл ең алдымен кірістердің құлдырауын болдырмауға қатысты. Сонымен қатар, экономика өсімінің тежелуіне ықпал ететін мәселе бірінші кезекте - бұл салықтар. Сондықтан да, түсімдердің қарқынын сақтау негізгі әрі күрделі міндет болды. Былтырғы жылдың екінші жартыжылдығында экономика өсімі айтарлықтай ақырындағанына қарамастан, салықтық түсімдер бірінші жартыжылдыққа қарағанда 310 млрд теңгеге артты, ал бұл көрсеткіш алдыңғы жылғымен салыстырғанда 121 млрд теңгеге көп болды»,- деді Бақыт Сұлтанов.

Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2014 жылы 5 трлн. 459,6 млрд.теңгеге толықтырылған. Бұл ретте Ұлттық қор активтері 2015 жылғы 1 қаңтарда 16 трлн. 522,1 млрд.теңгені құрады, оның ішінде инвестициялық кіріс 1 трлн. 955,0 млрд. теңге сомасында болып отыр. Негізгі үлесті, нақтырақ айтқанда 63,5 пайызы мұнай секторынан түсетін тікелей салықтар болып табылады.

Соңғы жаңалықтар