Былтыр өрт сөндіру үшін 15720 шығу жасалып, көрсеткіш 11 пайызға артты - ТЖМ

None
None
АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Былтыр өрт сөндіру үшін 15720 шығу жасалып, көрсеткіш 11 пайызға артты. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың айтуына қарағанда, заң жобасында өрттерді сөндіруді ұйымдастыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілік аймағының аражігі ажыратылады. Министрдің сөзіне қарағанда, өртке қарсы қорғауды Төтенше жағдайлар министрлігінің 411 өрт сөндіру бөлімшелері жүзеге асырады. «Республика бойынша бір тәулікте орташа 50-ге тарта өрт болады, өрт сөндірушілер дабыл бойынша 150-ден астам шығулар жасайды. 2012 жылы республиканың өртке қарсы бөлімшелері өрттерді сөндіру үшін 15720 шығуды жүзеге асырды. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 11 пайызға көп. Авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге 4500 шыққан болатын. Жалған шақырулар 91 рет түссе, бұл былтырғы көрсеткішпен 65 пайызға кем», - дейді В. Божко.

Соңғы жаңалықтар