Былтыр өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция рекордтық сомаға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Былтыр өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция рекордтық 1,55 трлн теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда, қаржылай түрде 1,5 есе, ал физикалық тұрғыда 38,1 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

«Биылғы бірінші тоқсанда инвесторлар белсенділігін төмендетті. Бұл жергілікті дағдарыс құбылыстарын (Қаңтар оқиғасы) да, жаһандық геосаяси ахуалды да ескере отырып күтілген жағдай еді. Десе де қаңтар-наурыз айларында секторға капиталдық салым мөлшері 226 млрд теңгені құрады. Бұл Қазақстан өнеркәсібі саласына салынған барлық инвестицияның 19,1%-ын құрайды. Өңдеу сегментіндегі басты үш инвестициялық магниттік сала осы жылдың бірінші тоқсанында өзгеріссіз қалды. Олар – металлургия (94,5 млрд теңге), тамақ (39,1 млрд теңге) және химия өнеркәсіптері (27,9 млрд теңге)», - деп жазылған онда.

Былтырғы қорытындыға назар аударсақ, металлургия өнеркәсібінде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 492,6 млрд теңгені, тамақ өнеркәсібінде – 154,2 млрд теңгені, ал химия өнеркәсібінде 462,6 млрд теңгені құраған.

Бір қызығы, осы үш саланың екеуі бір мезгілде өңдеу сегментінің максималды өнімін қамтамасыз етеді. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі бірден 2,3 трлн теңгеге жетті, бұл өңдеуші өнеркәсіп сегментіндегі жалпы өнеркәсіп өнімінің 48,9 пайызын құрайды.


Соңғы жаңалықтар