Былтыр мұнай және газ конденсатын өндіру 79,2 млн. тоннаны құрады

None
None
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 79,2 млн. тоннаны немесе 2011 жылға қарағанда 98,9 % құрады.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, 2012 жылдың қорытындысы бойынша отандық 3 мұнай өңдеу зауыттарында шикі мұнай өндіру көлемі 14,2 млн. тоннаны немесе өткен жылға қарағанда 103,6 % құрады. Үш МӨЗ-де өңделген мұнайдан:

- 2853,8 мың тонна (103,5 %) - бензин;

- 4128,9 мың тонна (101,6 %) - дизель отыны;

- 3573,3 мың тонна (97,6 %) - мазут;

- 421,1 мың тонна (108,8 %) - авиакеросин өндірілді.

Әлеуметтік бағдарламаларды орындау шеңберінде ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін арзандатылған дизель отынын жеткізуді қамтамасыз етті, сөйтіп, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге тоннасына бағасы 86700 теңге (литріне 72,0 теңге) 360,0 мың тонна дизель отыны бөлінген, ал күзгі дала жұмыстарын жүргізуге тоннасына бағасы 85365 теңге (литріне 70,0 теңге) 410,0 мың тонна дизель отыны қамтамасыз етілді.

Осылайша, 2012 жылғы дала жұмыстарын жүргізу үшін АШТӨ-ге арзандатылған 770,0 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл ретте дизель отынының 1 литріне деген бағам бөлшек саудадағы бағамдардан 20 пайызға төмен болды.

2012-2013 жылдары жылу беру маусымында Министрлік облыстарға тоннасына 32670 теңгеден аспайтындай бағамен (нарықтық бағамы тоннасына 64500-69750 теңге болғанда) 463,5 мың тонна мазут бөлді.

Соңғы жаңалықтар