Былтыр «Қорғаста» 1 млн 200 мың турист болды

None
None
АСТАНА. ҚазаАқпарат - 2018 жылы «Қорғас» халықаралық шекаралық ыңтымақтастық орталығында 1 млн 200 мың турист болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қорғасқа» барушылар 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артқан.

«Бұған туристердің қатынауы мен инвесторлардың бизнесін ашық жүргізуі үшін жағдайлар жасау жөніндегі қабылданған шаралар ықпал еткен. Сонымен, жүк терминалының аумағы 900-ден 3 500 шаршы метрге дейін ұлғайтылды және жаңғыртылды. Аумағы 1 800 шаршы метрді құрайтын жайлылығы жоғары күту залы да бар.

15 тонналық шағын жүк көліктері бар парк жаңартылды. Бұл келушілер жүктерін қабылдау нүктесінен жүк терминалының беру орынына дейінгі аралыққа жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Келушілердің жайлы қозғалысы бойынша бірыңғай оператор жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда «Қорғас» арнайы экономикалық аймағы қазақстандық және шетелдік қатысушыларын әлеуметтіктен өзге, негізгі салықтардан босату туралы мәселе шешілуде.

ҚР мен ҚХР айрықша жобасы «Қорғас» ХШЫО - сауда, экономикалық, туристік және инвестициялық ыңтымақтастық үшін қазақстандық бөліктегі аумаққа инвестиция тарту мен кәсіпкерлік қызметтерді дамытуда АЭА статусы қолайлы жағдайлар жасайды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 193 мың шаршы метр ғимарат аумағы және 32,7 гектар аумақта құрылыс жүргізуге 12 инвестициялық компания тартылды.

Айта кетерлігі, «Қорғас» ХШЫО жұмыс істеген жылдары инвестициялық нысандарды салуға 21 келісім жасалды. Инфрақұрылымдық нысандарды қоспағанда, жер учаскелерінің аумағы 113,5 гектарды құраса, ғимараттардың аумағы 805,4 мың шаршы метрге жетті.

Соңғы жаңалықтар