Былтыр көлікті басқару құқығынан 48 мыңнан астам жүргізуші айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы әкімшілік қамауға 8 мың жүргізушісі алынды. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясының негізгі қағидалары туралы» атты брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлім етті.

«Жол жүру ережесін өрескел бұзғаны үшін көлікті басқару құқығынан 48 мыңнан астам айырылды. Сонымен бірге әкімшілік қамауға 8 мың 600 жүргізуші алынды», - деді комитет басшысы.

Белгілі болғандай, былтыр жол қозғалысы ережесі саласында тіркелген әкімшілік құқық бұзушылық 2 млн. 321 мыңға жетті. Бұл бағытта өсім 24 пайызды құрады. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 26 млрд. 42 млн. теңгені қамтыды. Оның ішінде жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұл мөлшері 21 млрд. 672 млн. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар