+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Былтыр Қазақстанның АӨК-не 1 млрд доллардан астам инвестиция салынды

2020 жылғы 10 қаңтар 22:34
Бөлісіңіз:
Былтыр Қазақстанның АӨК-не 1 млрд доллардан астам инвестиция салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы инвесторлар Қазақстанның АӨК-не бір миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салды, деп хабардайды ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте шетелдік инвесторлардың қатысуымен 15 жоба жүзеге асырылады Руслан Дәленов Катар инвесторларын Қазақстанға шақырды Сеулде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

«Өткен жылы Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвесторлар 429 млрд теңгеден астам қаржы салды. 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығына инвестиция ретінде 429,49 млрд теңге тартылды. Бұл 2018 жылдың 11 айындағы деректермен салыстырғанда өсім 37,3% құрады.

Айта кету керек, қомақты қаржының 77%-нан астамы, яғни 328,2 млрд теңге немесе 868 млн доллар инвесторлар мен бизнесмендердің қаражаты. Ал, қалған 100 млрд теңгеге жуық қаржы бұл банктер мен несие берушілердің қаражаты», делінген хабарламада.

Инвесторлар еліміз бойынша ең көп қаржыны, 93 млрд 495,8 млн теңге инвестиция Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласына (республика бойынша барлық инвестиция соманың 21,8%) салған.

СҚО-на бөлінген қаражаттан екі есе аз сома Ақмола, Қостанай, Павлодар және Түркістан өңірлеріне (44,2-49,7 млрд теңге) тартылған.

Айта кету керек, Павлодар облысы 2019 жылы агросекторға 2018 жылға қарағанда үш есе көп инвестиция тартты.

Жалпы, 2019 жыл ауыл шаруашылығына инвестиция тарту, сондай-ақ шетелдік серіктестермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас жасау тұрғысынан өте табысты болды.

Мәселен, өткен жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ГФР-на ресми сапары барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Германияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің АҚШ-қа жұмыс сапары аясында америкалық агробизнестің көшбасшылары Tyson Foods және Valmont Industries Қазақстандағы етті қайта өңдеу және суару жүйелерін өндіру жөніндегі кәсіпорындарды ашуға бағытталған маңызды келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Аргентина, Грузия, Германия, Иран, ҚХР, Эстония мемлекеттерінің тиісті министрліктері мен құрылымдарының басшыларымен АӨК саласындағы даму және ынтымақтастық мәселелері бойынша бірқатар келісімдерге, меморандумдарға және келісімдерге қол қойды, Ауғанстан, Бангладеш, Мысыр, Индонезия, Түркия, Сауд Арабия Үкімет мүшелерімен, SALIC және United Green ірі инвестициялық компаниялардың басшыларымен келіссөздер жүргізілді.

Сонымен қатар, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрімен ынтымақтастықты жандандыру бойынша Жол картасына қол қойылды, Lactalis және Danone француз компанияларымен стратегиялық серіктестік және Қазақстанның «Шаруаларға арналған мектеп» құру туралы келісімге қол жеткізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT