Былтыр Қазақстаннан 7 елге жаңадан 10 әуе бағыты ашылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылы Қазақстаннан 7 елге жаңадан 10 әуе бағыты ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, қазақстандықтар Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нячанг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Маэ аралы (Сейшел аралдары) мен Түменге (Ресей) тікелей қатынай алады.

Жаңа бағыттардың ашылуы елге шетелдік туристердің көптеп келуіне де оң әсер еткен. Мысалы, 2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан.

«Қазір Туризм комитеті жаңа әуе бағыттарын ашу бойынша жұмыс істеп жатыр. Ұйымдастыру шаралары аяқталған кезде жұртшылықты хабардар етеміз. Тікелей рейстердің ашылуы еліміздің туристік тартымдылығын арттыратыны сөзсіз. Мысалы, былтыр Атырау облысына барған туристер саны 3,5 есе артқан. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетіне де байланысты. Қазақстанға келген әрбір 4-ші турист Алматы қаласына барады. 2022 жылы оңтүстік астанамыз 1,2 млн астам турист қабылдаған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Еліміздегі тау шаңғысы курорттарына келген туристер саны 1,5 миллионға дейін жетті. Жыл сайынғы өсім 20% құрады. Еліміздегі тау шаңғысы туристерінің саны жағажай туристерінің санымен теңесті», - деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.


Соңғы жаңалықтар