Былтыр қазақстандықтар 339 млрд теңге жәрдемақы алған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл жыл басталғалы қорға 204 млрд теңге түскен. Оның ішінде 199 млрд теңгесі әлеуметтік төлем ретінде өтелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік сақтандыру қоры құрылғалы (қор 2005 жылы құрылды) 4 трлн теңгеге жуық қаржы түсті. Қорға қаржы жұмыс берушілердің ай сайынғы аударымы есебінен түсіп отыр. Осы күнге дейін жоғарыда аталған соманың 2,6 трлн теңгесі әлеуметтік төлем ретінде жұмсалды», - деді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің дерегінше, өткен жылы елімізде 339 млрд теңге әлеуметтік төлем өтелді.

«Дегенмен былтыр бізге түскен қаржы көлемі 353 млрд теңгені құрады. Одан бөлек, бізде активтер бар. Ол - бағанағы айтылған 4 трлн теңгеден артылған қаржы. Біз активтерге тиіспейміз, ол - әлеуметтік төлем алушыларға болашақта берілетін қордағы ақша. Әлеуметтік төлемді әркім әртүрлі мерзімде алады. Біреуге санаулы жыл ғана берілсе, келесі азамат зейнетке шыққанша алуы мүмкін», - дейді ол.

Сондай-ақ, жыл басталғалы қорға 204 млрд теңге түскені мәлім етілді. Оның ішінде 199 млрд теңгесі әлеуметтік төлем ретінде өтелді.

Одан бөлек, қор басшысы бүгінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне шамамен 6,6 млн жұмыс істейтін азамат қатысатынын жеткізді.

Сол сияқты елімізде 1,1 млн астам адам жыл бойы әлеуметтік төлем алады.


Соңғы жаңалықтар