Былтыр Қазақстанда жаңа технологиямен 6 жол учаскесі салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы Қазақстанда жаңа технологияларды қолдану арқылы қанатқақты жоба ретінде 6 жол учаскесі салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Асфальт-бетон жабындысының беріктігін нығайту және жарықтарды болдырмауға қарсы қасиетін күшейту мақсатында жолшылар өткен жылы қанатқақты жоба ретінде еліміздің 4 өңірінде 6 жол учаскесін салды. Жолдардың жағдайын Қазақстанның ғылыми-зерттеу институтының мамандары бақылауда», делінген хабарламада.
Ресейлік, қытайлық және корейлік шақпатасты-мастикалық асфальт-бетон полимерлерді қолдану арқылы Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстарында жол учаскелері салынды.


Соңғы жаңалықтар