Былтыр Қазақстанда уран өндірісінің көлемі төмендеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр уран өндірісінің көлемі 3% төмендеді. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Мұқанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр республика бойынша 21 227 тонна уран өндірілді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3% төмен. Ұңғымаларды орнатып, олар арқылы уран өндірісі жолға қойылғанға дейін 8-10 ай уақыт өтеді. COVID-19 пандемиясына байланысты 2021 негізгі материалдар мен жабдықтарды алу мүмкіндігі шектеліп, кідіріс болды. Тиісінше, 2022 жылы өндіріс көлемі төмендеді», - деді Ержан Мұқанов

Сонымен қатар ол брифинг барысында келер жылдың ортасында Түркістан облысында күкірт қышқылы зауытының құрылысы басталатынын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар